Қазақстан велотрекшілері Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
330

Чемпионатта Оңтүстік Корея бірінші, Жапония екінші орын алды.


Қазақстан велотрекшілері Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

© Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

ERNUR.KZ. Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Азия чемпионатындағы велоспорттан Қазақстан құрамасының құрамында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмахан және Дмитрий Носков бар.
Команданың нәтижесі – 3:59.215. Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.
Чемпионатта Оңтүстік Корея бірінші, Жапония екінші орын алды