Қазақстандық футболшы Станислав Лунин қайтыс болды

0
631

Ол 28 жаста болған.


Қазақстандық футболшы Станислав Лунин қайтыс болды

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) 28 жасында қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Футболшы дүниеден өткенін "Гол емес!" телеграм-каналы жазды. Спортшының жүрегі тоқтап қалғаны хабарланды.

Станислав Лунин карьерасын өскемендік "Восток" клубында бастаған. Кейін ол қарағандылық "Шахтерде", алматылық "Қайратта" және павлодарлық "Ертіс" сапында ойнаған. Карьерасын "Шахтерде" аяқтаған еді.

Футболшы Қазақстан чемпионы болған, ел кубогы мен Суперкубогын иеленген. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатының күміс және қола медальдарын жеңіп алған.