Бірақ Нурмагомедов арандатушылыққа жол бермеді.
ERNUR.KZ. Ирландық UFC жұлдызы Конор МакГрегор және осы ұйымның ресейлік чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың арасындағы жекпе-жек қарсаңындағы салмақ өлшеу рәсімінде төбелес шығып кетуі мүмкін еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
МакГрегор қарсыласын теуіп жібере жаздады. Бірақ Нурмагомедов арандатушылыққа жол бермеді.
Айта кетелік екі спортшының да салмағы жеңіл категорияға келді. Нұрмагомедовтың салмағы 155 фунт (70,3 келі), ал МакГрегор - 154 фунт (70,08 келі) болды.Еске сала кетейік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы жекпе-жек 7 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Астана уақытымен таңертең болады