67 келідегі финалда Төрехан ринг қожайыны Аббасгулу Шадлинскимен жұдырықтасты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирге қатысты, деп жазады vesti.kz.
67 келідегі финалда Төрехан ринг қожайыны Аббасгулу Шадлинскимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды - екінші раундта қазақстандық боксшы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
Осылайша, белгілі қазақстандық бкосшы Махмұт Сабырханның туған інісі Төрехан жарыстың күміс жүлдегері атанды.