Дереккөздің айтуынша, егер париждік клуб 2022 жылдың жазына дейін өз ойыншыларын сату арқылы 100 миллион еуроны қоржынға сала алмаса, қаржылық фэйр-плей нормаларын бұзған болып саналады.
ERNUR.KZ. ПСЖ алдағы екі трансферлік терезеде қаржылық фэйр-плейге байланысты ойыншыларын сатпақшы, деп жазады kaz.vesti.kz.
Дереккөздің айтуынша, егер париждік клуб 2022 жылдың жазына дейін өз ойыншыларын сату арқылы 100 миллион еуроны қоржынға сала алмаса, қаржылық фэйр-плей нормаларын бұзған болып саналады. Мұндай жағдайда УЕФА клубқа жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салатын болады.
Париждіктер қақпашы Серхио Рико, қорғаушылар Левен Курзава, Тило Керер, Абду Диалло, жартылай қорғаушылар Рафинья, Юлиан Дракслер, сондай-ақ, шабуылшы Мауро Икардиді сатуы мүмкін.