Қақпашының өткен маусымда "Тобылдың" намысын қорғап, қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды және ел суперкубогін жеңіп алды.
ERNUR.KZ. Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы 24 жастағы қақпашы Егор Цуприковпен келісім-шартқа отырды, деп жазады Vesti.kz.
Егор Цуприков өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы "Шахтер-Болат" сапында бастады. Ал "Шахтер" клубындағы дебютін 2018 жылы сырт алаңда "Қайсарға" қарсы ойында өткізді. Қарағанды футболының түлегі Қазақстанның 17 және 19 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепті.
Қақпашының өткен маусымда "Тобылдың" намысын қорғап, қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды және ел суперкубогін жеңіп алды.