Рахмонов кейінгі рет 2023 жылы 4 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде айқасып, америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.
ERNUR.KZ. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.
"Мен әлі де UFC 294 немесе UFC 295 турниріне қатыса аламын", - деп жазапты Рахмонов әлеуметтік желіде.
UFC 294 турнирі 21 қазан Абу-Дабиде өтеді, ал UFC 295 - 11 қараша Нью-Йоркке жоспарланған.
Рахмонов кейінгі рет 2023 жылы 4 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде айқасып, америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.
Одан кейін осы демалыс Лас-Вегаста өткен UFC Noche турнирінде америкалық Келвин Гастелуммен жұдырықтасу керек еді, алайда қарсыласы жарақат алып қалып жекпе-жек өтпеді.