Шетелдік клубта ойнаған қазақстандық футболшы "Ақтөбеге" ауысты

0
851

25 жастағы хавбек бұған дейін 2021-2022 жылдары бір жарым маусым "ақ-қызылдар" намысын қорғап, Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын.


Шетелдік клубта ойнаған қазақстандық футболшы

ERNUR.KZ. Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" футбол клубымен келісімшарт жасасты, деп жазады vesti.kz.

25 жастағы хавбек бұған дейін 2021-2022 жылдары бір жарым маусым "ақ-қызылдар" намысын қорғап, Қазақстанның күміс жүлдегері атанған болатын.

"Ақтөбеден" бөлек, Рамазан Алматының "Қайрат", литвалық "Даугавпилс", ресейлік "Чайка", павлодарлық "Ақсу", қостанайлық "Тобыл" мен словениялық "Копер" сапында өнер көрсетті.