Су добынан спортшыларымыз Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

0
438

Енді 1/2 финалда жігіттеріміз Жапониямен кездеседі.


Су добынан спортшыларымыз Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

ERNUR.KZ. Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әр түрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында су добынан сынға түсіп жатқан Қазақстан ерлер жартылай финалға шықты, деп жазады inform.kz.

Нақтырақ айтсақ, су добынан Қазақстан ұлдар құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Малайзияны ойсырата ұтып, жартылай финалға шықты. Есеп – 25:3.

Енді 1/2 финалда жігіттеріміз Жапониямен кездеседі.

Су добы. Ұлдар. Топтық кезең. 4-ойын

Қазақстан - Малайзия 25:3 (6:2, 3:0, 8:0, 8:1)

Голдар:

Николай Бабенко – 5

Нұрасыл Сатберген, Кирилл Пантелеев - 4

Егор Белоусов - 3

Дәурен Әли, Нұржас Нұртаза, Алдияр Әлкімбай – 2

Әл-Фараби Құбайдолла, Алмат Мадимар, Әділ Балтабекұлы – 1.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін су добынан сынға түскен Қазақстан қыздар құрамасы Қытай құрамасынан 9:14 есебімен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Аталған Сарықұрлық додасына 45 мемлекеттен 12-18 жас аралығындағы жас спортшылар мен ересектер қатысып жатыр.

26 ақпан күні басталған Азия чемпионаты 9 наурыз күні мәресіне жетеді.