Зинедин Зидан "Реал Мадридтен" кететінін мәлімдеді

0
766

Бапкер психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған.


Зинедин Зидан

ERNUR.KZ. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан ойыншыларға маусымның соңында командадан кететінін айтты, деп жазады Vesti.kz.

Goal мәліметінше, француз маманы бұл шешімін "Севильяға" қарсы матч (2:2) алдында жариялаған.
Бірқатар ақпарат көзіне сүйенсек, 48 жастағы маман психологиялық және физикалық күйзелістен шаршаған. Ол клубтың чемпион болған-болмағанына қарамастан командадан кеткісі келеді.
Зидан "Реал Мадридті" 2019 жылдың наурызынан бастап жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен мадридтік клуб өткен маусымда Испания чемпионы атанған.
36 матчта 78 ұпай жинаған мадридтік клуб Испания чемпионатының турнир кестесінде екінші орында тұр. "Атлетико Мадрид" 80 ұпаймен көш бастап келеді.