«Ангинаны ұмытады»
Шоу бизнес өкілдері, әншілердің, спортшылардың парақшасын қарап жүрген болсаңыз, gani_angina деген емшіге тамақ ауруын емдетіп, даусын қалпына келтіріп жүргенін көруге болады. Кіл атақты әншілер Ғани ағамыздың алдынан шықпайды. Өнер адамдарының даусын дұрыстап беретін кім болды екен деген оймен оның өзіне байланысқа шықтық. Ғани Нұржігітовтің себеп болуымен ешқандай дәрі-дәрмексіз, бір ем-домнан кейін-ақ 20 жыл салқын су ішпеген жандар қыстыгүні балмұздақ жеп, оның артынан мұздай су ішетін дәрежеге жетіпті. Бір жасар баладан еңкейген қарияға дейін ауруынан айығып шығуының құпиясы не екенін білгіңіз келсе, сұхбатқа назар салыңыз.
– Ғани Кеңесбекұлы, біздің сайтқа сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет! Сіздің инстаграм парақшаңызды қарасақ, көбіне атақты адамдар, әншілер еміңізді алып жатады. Олар сізді өздері іздеп келе ме? Әлде өзіңіздің маркетингіңіз бе?
– Сіздерге де рахмет! Сұхбатқа шақырғандарыңызға Алла разы болсын! Әншілер бір-бірінен естіп келеді. Осы орайда «Тек әншілерді, атақты адамдарды ғана емдейді ме?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Әсте олай емес. Біз бүткіл қазақстандықтармен жолыққанымызға қуаныштымыз.
– Сізді «Қайдан көрем, әншілердің тойынан көрем» деп әзілдеп айтсақ артық болмайтын шығар. Қазақ эстрадасында кімдермен қоян-қолтық араласасыз?
– Иә, Әбдіжаппар Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Еркін Нұржанов, Кенжебек, Ғаділбек, «Рауза» фильмінде Маңқаның рөлін ойнаған Шерхан Пірназаров, «Диета» тобындағы Жасұлан Базарбаев, Мейір Қайрат, «Жылтыр көйлек» әнінің орындаушысы Еркебұлан Құмаров, Жолдасбек Әбдіханов, Мұхтар Ханзадамен жақсы араласамын. Қуаныштарына арнайылап шақырып жатқан соң қалмауға тырысамын.
– Өзіңіз туралы айтып беріңізші. Дәрі-дәрмексіз тамақ аурулары, фарингит, ларингит, тонзиллит, бронхит, иммунитет нүктелерін ояту арқылы емдейді екенсіз. Пандемия кезінде дәрі-дәрмектен көз ашпаған халықты дәрі-дәрмексіз емдеу қалай болды? Жалпы еміңіздің құпиясы неде?
– Өзім Шымкенттің тумасымын. Келіншегім Асылзат екеуміз бес бала, екі қыздың ата-анасымыз. Жоғарыда өзіңіз атап кеткен аурулардан иммундық жүйенің алақандағы нүктелерін ояту арқылы ем жасаймын. Пандемия кезінде Алланың қалауымен көптеген адамдардың дәрі-дәрмексіз емделуіне себеп болдық. Бүткіл ағзаны 1 пайызға өзгерту жолындағы жұмыс, ата-бабаларымыздан келе жатқан нүктелерді сезіну арқылы жасалатын қазақи ем.
– Сізден ем алғандар қыстыгүні қорықпай балмұздақ жеп, мұздай су ішіп жүре береді дейді. Рас па?
– Біз тек себеп жасаймыз, шипасын Алла береді. Жаздыгүні салқын су іше алмай жүрген жігіттер Нұр-Сұлтан қаласында қыстыгүні балмұздақ жеп жүр. 20 жыл балмұздақ жемедік дегендер де жазылып, салқын су, балмұздақ жейтін дәрежеге жетті. Бізге келгендер ұдайы алғысын жаудырып, көрген жерде «Ғанеке, жақсарып қалдым, Алла разы болсын!» деп алғыс, батасын жаудырып жатады. Алла нәсіп етсе, сіздер де келіңіздер, балмұздақ жеп, артынан мұздай су ішіп жүруге себеп жасайық.
– Бұл салаға қашан және қалай келгенсіз?
– Өзімнің аталарым, ағаларым емдеген. Атадан балаға жалғасып келе жатқан отбасылық ем-дом шаралары ғой.
– Естуімізше, Мәскеуден атақты профессорлар өзіңізді іздеп келіп, еміңізге жүгініпті. Арнайы рұқсат қағаз, лицензияңыз бар ма?
– Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген профессорлардың жазылуына себеп жасадық. Жуырда ғана Мәскеуден бір профессор келген. Ризашылығын айтып, батасын беріп кетті. Әрине, рұқсат қағыз, лицензиямыз бар.
– Ұдайы қайырымдылықпен айналысып жүресіз. Қайырымдылықты жиі жасайды екенсіз. Қазіргі қымбатшылық қысқан уақытта тиынға тісін сындыратындар көп қой. Ал сіз елге таратып жүресіз. Қайырымдылық сізге не берді?
– Садақаның жария және жасырын садақа деген екі түрі болады. Біз жария садақа жасап, әрбір қазақ көріп, оянса дейміз. Еліміздің әр қаласындағы бауырларымызға көмек қолын созғымыз келіп тұрады. Алла жақсылық жасаушыларды сүйеді дейді. Алланың қалауымен осыдан 5 ай бұрын Әсемгүл деген қарындасымыздың үйіне кіріп шыққанымызды «Харекет» қоры көріп, маған қоңырау шалды. Біздің парақшамыздан көріп, №580 үйді сол әпкемізге табыстапты. Бұл да бір себеп. Кішігірім садақамыздан соң бес балалы қарындасымыз үйлі боп қалды. Соны көріп, қатты әсерленіп мүлде тоқтағым келмей қалды. Әр қалаға барған сайын құшағыма сыйған азық-түлік салынған сөмкелерді құшақтап алып, барғым келіп тұрады. Қазірде небір бай кісілердің көзіне дүниеден басқа ешнәрсе көрінбейді. Аллаға шүкір, бізде бәрі жеткілікті. Адамдар тоқшылықтан диета ұстап жүреді. Африкада адамдар аштан өліп жатыр. Біздің парақшаны ақтарған болсаңыз, елімізде де нан тауып жей алмай жүргендер баршылық. Көріп жүрек ауырады. Қайырымдылық жүрекке жылу береді. Әрбір жақсылық жасаған сайын ішіміздегі мөлдір шыны түсіндіріп бере алмайтын мөлдір сезімдермен толысады. Бәрі де ең әуелі Алла разылығы үшін істеледі ғой.
– Қазақстанды аралап ем жүргізесіз. 11 қаланы аралайды екенсіздер. Сонда әрбір қалада кеңселеріңіз бар ма? Өз қаласынан іздеген жұрт сізді қайдан табады?
– Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Өскемен, Семей, Қарағанды, Алматы, Тараз, Шымкент сияқты 12 қаланы аралайды екенбіз. Әр қалада өз емдеу бөлмеміз бар. Бүткіл Қазақстанда күтіп алатын адамдарымыз бар. Біздің себеп болуымызбен денсаулығы жақсарған азаматтар өздері іздеп келіп, дастарханын жайып, құрмет көрсетіп жатады. Инстаграм парақшамызға кестемізді салып отырамыз. Бізді сабылып іздеудің қажеті жоқ. Алланың қалауымен сол қалаға барып, қабылдауға жазылуға болады. Қазір бәріміз мобильді болып кеттік қой. Халықты аяғынан тұрғызып, күлдіріп, ауырмайтындай қылып жіберсек ризамыз.
– Оқырмандарымызға бір процедураңыздың бағасы қанша екенін айта кетсеңіз...
– Бір процедурамыздың бағасы 35 мың теңге. Бір қарағанда бұл қымбат болып көрінуі мүмкін. Бірақ, емделушілер ем алып, жағдайы жақсарған соң қайта ешқандай дәрі-дәрмексіз емделіп, арзанға түскенін біледі. Мысалы, тамағы ауырса, жұқпалы аурулар ауруханасында апталап жатады. Укол, дәрі-дәрмек қабылдайды. Бірақ, ауруынан толық айығуы екіталай. Ал бізге бір келгеннен ангина дегенді ұмытып кетеді.
– Адамның алақанында қанша нүкте болады жалпы? Ол нүктелерді кез келген адам сезе ала ма?
– Адамның алақанында табан, тізе, жамбас, мүше, алақан, білек, иық, көкірек, омыртқа, асқазан, жүрек, бүйрек, бауыр, тоқ ішек, аш ішек, толық иммунді жүйе, қан қысымы, қан айналым сияқты көптеген нүктелер бар. Жалпы тұтас ағзаны 2 пайызға сәл өзгертсе, иммунитет көтеріліп, ағза өз-өзін емдейді. Сол нүктелерді түрте-түрте адамның иммундық жүйесін оятамыз. Сол арқылы адам өз-өзін дәрісіз емдейді. Газды сусындар, чипсы, кириешки дегендерді жемей жүрсе нәтижесі одан да жақсы болады. Әрқашан да қызметке дайынбыз. Жақсылықта жарысайық! Қазағымыз жыламасын!
– Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рахмет! Адамдардың денсаулығын жақсартып, қуанышқа кенелтіп жүре бергейсіз!
Сұхббаттасқан Мөлдір КЕНЖЕБАЙ
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:
«Пайдараз болма!»: Шмән апа шырқаған жаңа әннің атауы жұрттың ашуын тудырды
«Айна алдында 3 сағат отырамын»: Баян Мақсатқызы әдемі болып көрінудің құпиясымен бөлісті