"Ауру сезімі байқалып жатыр": Төреғалидің күйеу баласымен эксклюзивті сұқбат

0
4 806

Дархан Нортаев - джиу-джитсудан әлем чемпионы, Азиада ойындарының чемпионы


Қарашаш Есенбай: Спортқа келген кезде көпшілік Олимпиада ойындарын да бар спорт түрлерін таңдап жатады ғой. Көпшілік жастардың боксқа, дзюдоға барып жүргенін көреміз. Сіздіңджиу-джитсуға баруыңызға не түрткі болып еді?


Дархан Нортаев: Иә, көп спортшының солай таңдау жасайтыны белгілі, оған ата-анасы да әсер етіп жатады. Ал маған ата-анам таңдау берді, өзім күресті жақсы көретіндіктен, джиу-джитсуді таңдадым. Қазір джуи-джитсу да өте мықты деңгейге көтеріліп жатыр. Олимпиадасыз-ақ АҚШ, Еуропада апта сайын жарыстар болады, одан кейін4 жылда бір болатын Азия ойындарының құрамына кірген. Өзім содан емпион болғанымды білесіздер(күліп)?! Джиу-джитсу жүрегімнің таңдауы болғандықтан менде жетістік бар деп ойлаймын.


Қарашаш Есенбай: Өзіңіз Таразда туып, Астанада өскен жігіт екенсіз. Десе де сізді жарыстарда Маңғыстаудың атынан көретінбіз. Ол аймаққа қалай бардыңыз?


Дархан Нортаев: Бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын (күліп). Иә, Маңғыстаудың атынан шығамын, Маңғыстауда тұрамын.Бұл жерде бауырларым көп. Нұрсұлтан, Алматы, Маңғыстау қаласында бірнеше бапкерлерім бар. Соның ішінде мені қолдап, көтеріп жүретін бапкерім - Болат Дуйсенбиев.


Қарашаш Есенбай: Қазіргі пандемия кезінде дайындық, жарыстар қалай болып жатыр? Өзіңізді бабыңызда ұстау үшін не істеп жатсыз?


Дархан Нортаев: Иә, қазір пандемия кезінде жарыс жоқ. Спорт залда, үйде жаттығу жасап жүрмін. Спортшы - спортпен айналыспаса ауырып қалады. Менде қазір спортпен күнделікті айналыспағандықтан, сондай ауру сезімі байқалып жатыр. Қазіргі уақытта далада жүгіріп, иммунитет көтеріп жатырмын.


Қарашаш Есенбай: Бірнеше жыл бұрынғы сұқбатыңызда «Спортшы болмасам, кім болатынымды елестете алмаймын» деген екенсіз. Қазір бұл пікіріңіз өзгерді ме, осы күні қай бағытта дамып жатсыз?


Дархан Нортаев: Бір нәрсе айта аламын, қазір спортшы дегенді көбісі бағаламайды. Нәтиже бергенде ғана көз салып, бағалай бастайды. Спортшылар түрлі жағдайға тап келеді ғой, мысалы, травма алып қалады деген сияқты. Осындай сәтте маған қолдау білдірген, бағалаған Маңғыстау облысы болды. Сол себепті, маған Маңғыстау туған жерімдей болып кеткен.



Қарашаш Есенбай: Сізді көпшілік спортшы ретінде таныды ғой, қазір Төреғалидың «күйеу баласы» деп жиі жазып жүр. Үйленген соң желіде белсенді бола бастадыңыз, оған жарыңыздың ықпалы болды ма?


Дархан Нортаев: Иә, жарымның ықпалы болды! Ол өзі елімізге танымал блогер. Мені көпшілігі спортшы ретінде таныса, енді бірі Төреғали ағаның "күйеу баласы" деп таниды. Қалай танысада, маған айырмашылығы жоқ. Бастысы - жақсы жағынан танығандығы ғой.


Қарашаш Есенбай: Өзінің жарын жасырын ұстайтын спортшылар көп қой. Сіз жарыңыздың танымалдылығын, желідегі белсенділігін қалай қабылдайсыз? Оның жазбаларын, стористерін үнемі бақылайсыз ба?


Дархан Нортаев: Өзінің жарын жасырын ұстайтын спортшылар көп шығар, ол жағын білмеймін. Тек спорттағы жеңістері мен жетістіктері арқылы қараймын. Менің өмірге деген көзқарасым басқа, өз принциптерім бар. Ең маңыздысы - жарымның дамығаны, бақытты болғаны, ұнайтын ісімен айналысқаны. Әлеуметтік желіге салатын посттарын бақылап отырамын. Қыздарға тәрбие, дін, психологиялық кеңестерін беріп отырады. Пайдалы ақпараттармен бөліскеніне қуанамын, қолдаймын.



Қарашаш Есенбай: Қазір желіде ең жиі талқыланып жатқан тақырып "Борат" шығар?! Оған қарсы "Мен туымды мақтан етемін" акциясына өзіңіз де үн қостыңыз. Атақты спортшы және ер азамат ретіндебіз Боратқа қарсы қандай амал жасауымыз керек деп есептейсіз?


Дархан Нортаев: Әрине, "Мен туымды мақтан етемін" акцияға қосылдым. Өйткені, мен өз елімнің спортшысымын. Қазақстанның туын неше рет әлем деңгейіне көтерген болатынмын. "Борат" фильмінкөп талқылап, көп жария етуге болмайды. Оларды айту арқылы, біз керісінше пиарларын жасаймыз. Сол себепті назар аудармау керек, болмаса заңға жүгіну керек деп есептеймін.


Қарашаш Есенбай: Дархан Нортаевты 10 жылдан кейін қалай елететесіз?


Дархан Нортаев: 10 жылдан кейін спортта мықты деңгейге жетке, халқыма пайдамды тигізер азамат боламын деп елестетемін. Танымал спортшы және кәсіпкер, сосын көп балалы әке болғым келеді.


Қарашаш Есенбай: Тілеуіңізге жетіңіз! Сұқбатқа уақыт бөлгеніңізге рақмет!