1950 жылдағы СӘН биыл ТРЕНДКЕ айналды

0
4 847

Ескі жылдың үлгісі бүгінде трендке айналғанынан хабарыңыз бар ма?


1950 жылдағы СӘН биыл ТРЕНДКЕ айналды

суреттер: ашық дереккөзден

Өз образы мен стиліне аса жоғары мән беретін нәзік жандыларға сән әлемінен үлкен жаңалық. Өткен ғасырдың екінші ширегіндегі кейбір киім үлгілері күлкілі болып көрінгенімен, дәл осы жылы олар трендке айналды.

Әрине, әр бір сән қуған бикештің гардеробынан табылуы тиіс бұл киімдердің киілу тәртібіне тоқталғанды жөн санадық. Сонымен жиырмасыншы ғасырдың 50-жылдарындағы сәнді біз тек ескі кинолар мен аналарымыздың фотоальбомынан байқағанбыз. Өткен кезең мен бүгінгінің ерекшелігін ұштастырып көрейік.


Белі жоғары орналасқан МИДИ белдемшесі


Картинки по запросу юбка миди с высокой  посадкой


Түрлі-түсті белдемше болса бір түсті спорттық футболкамен үйлестіріп, аяғыңызға да спорттық аяқкиімді сұғып алсаңыз, сәннің ең жоғарғы талғамындағы жанға айналасыз.


Белі жоғары орналасқан классикалық белдемше

1950 жылдардағы бұл үлгі, бүгінгі таңда да трендте. Аталған белдемшені қарапайым футболкалармен киюге болады. Сондай-ақ, оверсайз стиліндегі нымшалармен кисеңіз де тамаша образ шығары сөзсіз. Күздік қонышы жуан мәсі тәріздес етіктермен кисеңіз, барған жеріңізде ұялмай отыра аласыз. Себебі, дәл осы киім үлгісін әлемдік сәнгерлер мақұлдап отыр.


Мойыны жабық ерекше жейделер


Картинки по запросу классический блузки с лентами


1950 жылардағы әр бір бикештің киген киіміне мән берсеңіз иық тұсы шығыңқы, мойыны жабық лентамен байлауға ыңғайланып келген.


Қайық тәріздес туфли


Картинки по запросу туфли лодочка


Негізінен аяқты ең тартымды көрсететін дәл осы аяқкиімдер. Қайыққа ұқсас бұл сәнді бұйымдар сол заманғы кез-келген нәзік жандының аяғында болған. Соған сәйкес, бүгінгінің сылқымдарында да бұл трендке айналған туфлидің болуы заңдылық.


Ұсақ гүлді қысқа көйлектер


Похожее изображение


Бұл көйлек арықша келген қыз-келіншектерге ұсынылады. Түсін өзіңіздің типіңізге сәйкестендіріп таңдайсыз. Гүлді көйлектердің қай-қайсысы болса да жаздың ең сәнді үлгісі екендігін ұмытпағайсыз. Тек, майда гүл болғанына көз жеткізіңіз.

Ал, ұсақ ноқатты көйлектер мен белдемшелер биылғы жылдың нағыз сәні. Әсіресе, қараға ақ түскен түріне кезіксеңіз міндетті түрде гардеробыңызға қосып қойыңыз.


Похожее изображение


Ескінің үлгісі, келешектің белгісіне айналатынындай, өткен ғасырдың сәні қайта келіп жатқаны белгілі. Сондақтан да, сәннен шығып қалған киім-кешектеріңізді сақтап қойсаңыз, ұзақ жылдардан кейін қызыңыз бен немерелеріңіздің керегіне жарап қалуы әбден мүмкін.

ERNUR.KZ

Дайындаған: Г.Әмірәлі

Тағы да оқыңыз:


Спорттық АЯҚКИІМ таңдағанда міндетті түрде ҰЛТАРАҒЫН көтеріп қараңыз


ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕҢЕС: Еркектің назары ІШ КИІМГЕ ауады