​Бетіңізді ағарту үшін МЫНА 6 әдісті орындаңыз

0
4 846

Бетті ағарту сіздің теріңізді біркелкі етуге, пигментті дақтарды кетіруге және жалпы көріністі жақсартуға мүмкіндік береді.


​Бетіңізді ағарту үшін МЫНА 6 әдісті орындаңыз


Бұл процедураны қымбат сән салондарында ғана емес, үй жағдайында да жүзеге асыруға болады. Ағарту жолдары:


ҚИЯР

Қиярдан жасалған маска-ең тиімді «ағартқыш». Ол қолжетімді және арзан. Қиярды ұсақ бөлшектерге ұнтақтап, оған бір ас қасық қаймақ және қоректендіргіш крем қосу керек. Осы қоспаны бетіңізге жағып, жиырма минут ұстаңыз. 20 минут өткен соң, жылы сумен жуып тастаңыз.


ЛИМОН

Ағартуға арналған ең кең таралған әдістердің бірі - лимон шырыны. Оның құрамында С, Е, РР және В тобының дәрумендері бар. Жұмыртқаның ақуызын, 15 мл лимонның шырынымен және ұнтақталған қантпен араластырып, бетіңізге жағыңыз. Бетіңізде ұстау уақыты 15 минуттан аспауы тиіс. Белгілі уақыт өткен соң, бетіңізді жуып тастайсыз.


СОДА

Соданы қолдану – терісі майлы қыз-келіншектерге ғана тиімді. Өйткені терісі құрғақ немесе сезімтал қыз-келіншектер мұндай әдісті жасаса, терінің жағдайын нашарлатып алу қаупі бар.

Соданы таза суға салып, қоюланғанша араластырыңыз. Мысалы 1 шай қасық содаға шамалап су құйыңыз. Сұйық болып кетпеуін қадағалаңыз. Бетіңізге осы қоспаны жаққан соң, қолыңызбен жеңіл уқалаңыз. Бұл процедураны аптасына 1 реттен артық жасауға болмайды және 15 минуттан артық ұстамаңыз.


фото: rusinfo.info


АЙРАН

Бұл сусын – пигментті дақтарды жоюға көмектеседі. Егер оған ақжелкен (петрушка) шырынын қоссаңыз, барлық үмітіңіз ақталады. Теріңіздегі пигментті дақтардың ізі де қалмайды.


АҚ БАЛШЫҚ

Кез келген дәріханалар мен косметикалық дүкендерден табылатын ақ балшықтың көмегі орасан зор. Балшықтың азғ,антай мөлшерін сумен шылап, бетіңізге маска ретінде жағыңыз. Жақсы әсерге қол жеткізу үшін бетіңіздегі маска құрғап кеткенше күтіңіз. Содан кейін жылы сумен жуып тастайсыз.


ЛОСЬОН

Әсіресе шөптерден жасалған лосьондардың әсері жоғары. Олар теріге қауіпсіз және тиімділігімен ерекшеленеді. Ақжелкен (петрушка) немесе аскөкті (укроп) суға салып тұндырып, осы сұйықтықпен те терісін күніне 2 рет таңертең және кешке сүртіп отырсаңыз, бірнеше аптадан соң нәтижесін көресіз.


Сонымен қатар, теріні ағарта алатын өнімдердің қатарына ҚҰЛПЫНАЙ, БАЛ, ҚЫЗАНАҚ, СҰЛЫ және СҮТ ӨНІМДЕРІн жатқызуға болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Шаш саулығы үшін ЖҰМЫРТҚАдан артығы жоқ


«МАТА МАСКАны» қолданып жүрсіз бе?