​БЕТПЕРДЕ таққанда БОЯНУ ҚАУІПТІ ме?

0
3 161

«Енді терімізге не істейміз?» деген сұрақ туындайды.


​БЕТПЕРДЕ таққанда БОЯНУ ҚАУІПТІ ме?

фото: aliexpress.ru

Бүкіл әлемді әуреге салған індет адамзатқа барлық жағынан зиянын тигізуде. Тіпті, косметологияға қатысты айтар болсақ, тұмшаланып, бетпердемен жүру, бетперденің астынан тыныс алып, сөйлеуге тура келгенде бет терісіне айтарлықтай зиян келіп жатыр.

Бір реттік масканы жиі қолданып жүрміз. Осының әсерінен теріге қатысты проблема ұлғая береді. Яғни ауыз қуысы айналасына безеулердің қаптап кету, қара нүктелердің пайда болуы, жергілікті аймақтағы терінің қышуы, қызаруы, тері түсінің өзгеруі секілді ыңғайсыздықтар байқалады. Осының барлығы да бетімізді бүркемелеп жүрген бетперденің әлегі.

Бетперде ауа жібермейді, сондықтан демалғанда, сөйлегенде бактериялардың ошағына айналатын жер болмақ.

«Енді терімізге не істейміз?» деген сұрақ туады.

- Теріге әрдайым күтім жасауды ұмытпауымыз керек.

- Бетперде киген уақытта боянбаған дұрыс.

- Кешкі күтімге қышқыл тоник (кислотный тоник) қосамыз.

- Бетперденің ауа өткізетін, жиі қолданылатын мата түріне көшкеніңіз дұрыс, оны күнделікті жуып тұруды да ұмытпаңыз.


фото: sklad360.ru

- Тері күтімі үшін бетперденің астына ылғалдандырғыш жеңіл крем немесе құрамында церамид бар, гиалурон қышқылы бар эмулсия қолданамыз.

- Безеу шықса сықпау керек.

-Аптасына 2 рет қабынуға қарсы маска жасап тұру керек.

Аталған ережелерді мұқият сақтасақ терідегі проблемалардан құтылуға септігін тигізеді, проблема болмаса алдын алуға көмек береді.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Әйелдердегі бір проблема: «МҰРТТЫ» лимонмен "кетіруге" болады



Көз айналасындағы ӘЖІМді ОҢАЙ әрі ТЕЗ КЕТІРЕТІН әдіс