Қолданып жүрген косметикаңызда С ДӘРУМЕНІ бар ма?

0
3 434

Егер құрамында «С» дәрумені мол болса...


Қолданып жүрген косметикаңызда С ДӘРУМЕНІ бар ма?

фото: wabootick.blogspot.com

Құрамында «С» дәрумені бар косметикалық өнімдерді қолдануға тырысыңыз. Өйткені С дәрумені сұлулықтың бұлағы саналады. Теріге күтім көрсету үшін түрлі косметикалық құралдарды қолданып жүргеніңіз анық. Алайда сіз қолданып жүрген крем, сарысу т.б. теріге нәр беруші өнімдердің құрамына назар аударып жүрсіз бе?

Егер құрамында «С» дәрумені мол болса, кез-келген косметикалық өнімнің теріге қалай әсер ететіні жайлы біле жүргеніңіз абзал.

Әрине, дәрумендердің қай-қайсысы да теріге пайдалы. Соның ішінде...


С дәрумені не үшін қажет?

Бұл дәрумен адам ағзасы үшін ғана емес, терісі үшін де қосар үлесі көп. Бірақ өкініштісі сол, С дәрумені адам ағзасында синтезделмейді, сондықтан оны сырттан алып пайдалану керек. С дәрумені коллагендегі ақуызды (белок) жасап шығарады. Ал коллаген өз кезегінде терінің серпімділігіне, шымыр және тығыз болуына жауап береді.


С дәрумені теріге қалай әсер етеді?

Терінің жылдам қартаюының алдын алады

Тері түсіне әсер етеді, яғни терінің түсін жақсартады

Пигменттік дақтарды жояды

Ұсақ әжімдердің алдын алады

Тері тітіркенуін бәсеңдетеді

Терінің серпімділігін арттырады


Қандай типтегі теріге қолдану керек?

С дәруменін таңертең және кешке күніне 2 мезгіл жыл бойы үзбей қолдануға болады. Тек қана күндізгі SPF кремін қолдануды ұмытпаңыз.


Қалай сақтау керек?

С дәрумені өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпас үшін оны дұрыс сақтай да білу керек.

Міндетті түрде қараңғы жерде сақтау керек

Косметикалық өнім (нақтырақ айтқанда крем) ыдысының қақпағы нығыз жабылуы керек

Өте ыстық немесе суық жерге қоюға болмайды


Ағзаға тигізер пайдасы

Сұлулық үшін ғана емес, ағза саулығы үшін де С дәруменінің тигізер пайдасы орасан.

Тістің мықтылығына, сүйектің тығыздығына, бойдың дұрыс өсуіне ықпал етеді.

Денеге түскен ұсақ жарақаттардың тезірек жазылуына көмек береді.

Иммунитетті нығайтады, стресс, депрессияның жолына тосқауыл болады.

Мидың жұмысын жақсартады.

Қандағы холестериннің деңгейін қалыпты мөлшерде ұстауға көмектеседі.


фото: colialma.com

Мөлшері де маңызды

С дәрумені қосылған косметикалық өнімді сатып алмас бұрын, оның құрамындағы аталмыш дәруменнің қандай мөлшерде екеніне назар аударыңыз. Мөлшері 0,5-20 пайызға дейін болуы мүмкін. Алғашқы кезде 5 пайызға дейінгі мөлшерін қолдансаңыз болады, одан кейін ақырындап мөлшерлік пайызын жоғарылата беруіңізге болады.

С дәрумені МЫНА косметикалық өнімдерде кездеседі. Крем, сарысу (сыворотка), маска секілді бет күтімі үшін қолданылатын өнімдердің құрамында бар. Тоник, кремнің құрамында бұл дәруменнің мөлшерлемесі азырақ, ал сарысуда көбірек болады.


С дәрумені мол азық-түліктер

Күн тәртібінде тамақтану рационыңызды да осы өнімдермен толықтыруға тырысыңыз. Өйткені бұлардың құрамы С дәруменіне бай.

Итмұрын, шырғанақ, ақжелкен, паприка, қарақат, шие немесе алша, ақ, қызыл қырыққабат, қызыл түсті болгар бұрышы, апельсин, мандарин, лимон, грейпфрут, киви, құлпынай т.б.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетке МАССАЖ жасап ЖАСАРУға болады


ТАБИҒИ косметика зиянсыз ба?