​КҮЙЗЕЛІС – теріні ТЕЗ қартайтады

0
3 197

Адамның ішкі дүниесі мен өзін сезінуі сыртқы келбетіне қатты әсер ететінін сіз білесіз бе?


​КҮЙЗЕЛІС – теріні ТЕЗ қартайтады

фото: parenting.firstcry.com

Адамның сыртқы факторлардың әсерінен, өмір сүру жағдайларындағы әртүрлі көңіл-күйдің теріге әсер етуі шындық. Адам күйзеліске түскенде тері гормоналды реакциялар пайда болады. Мұның барлығы да күйзеліс кезінде адам ағзасынан стресс гормоны – кортикостероидтың бөлінуінен туындайды. Бүйрекүсті безінің осы гормонды бөлуі адамға күйзелістен «қашуға» немесе «күресуге» қосымша күш береді. Алайда адам көп жағдайда күйзелістен қашып құтыла алмайды, қарсы алады, бірақ берілмеу үшін күреседі. Ағза күрескен кезде бізді іштен жей бастайды.


Мұның кері әсерлері өте көп

* Терінің жастығына жауап беретін жыныстық гормондардың (эстроген мен тестостерон) бөлінуі айтарлықтай төмендейді. Бірден «қартайып кеткен» адамдарды көрсеңіз, күйзелісте жүргенін немесе бастан кешіргенін түсіне аласыз.

* Стресс гормондарының әсерінен коллаген мен эластинді бұзатын ферменттердің бір түрі (металлопротеиназа) белсенді бола түседі.

* Терідегі қан айналымы нашарлайды. Жалпы иммунитет төмендейді, сондықтан қабыну мен инфекциялар жиілейді.

* Стресс гормондары майдың түзілуін тікелей белсендіреді.

* Терінің сезімталдығы жоғарылайды.


Осы өзгерістердің әсерінен теріге көрнекі белгілерін тудырады: Терінің күңгірт тартып, сұрлануы, сусыздану, әжімдер, құрғақтық, безеулер, қышу, аллергиялық реакцияға ұқсас қызыл дақтар.

Біздің жүйке жүйеміз бен теріміз тығыз байланыста, сондықтан күйзеліс факторлары теріге жағымсыз әсер етеді.

фото: jasgalym.kz

*Тері түсі өзгереді. Жағымсыз жаңалықтар, ұрыс, шаршау, сөз есту - осының нәтижесінде әдемі бетіңіз сұр және өңсіз бола түседі. Осындай кезеңде катехоламин гормоны көп болады, соның салдарынан қан тамырлары кішірейеді. Ал қан тамырларының кішіреюі нәтижесінде бетке қоректік заттардың баруы азаяды, сол себепті тері бозарып, көз астында қарақошқыл қалташалар пайда болады.

* Ісіну пайда болады. Күйзелістің тағы бір әсері ол сұйықтықтың шығарылуын нашарлатады. Соның нәтижесінде ісінуге алып келеді.
* Терінің серпімділігі азаяды. Терінің серпімділігі азайған сәтте тері бос көрінеді, салбырайды, әжімдер пайда болады, микроциркуляция нашарлайды.
* Акне пайда болады. Күйзеліс гормондары май бездерінің жұмысын белсенді етеді, сондықтан тері тесіктері май мен кірге толудың нәтижесінде акне, безеу, қара дақтар өте көп шыға бастайды.

* Терінің сезімталдылығы ұлғаяды. Терінің сезімталдығының артуы бұл ағзадағы кортизол деңгейінің өсуіне байланысты болады, нәтижесінде теріде қышыну, терінің тырысуы, (теріні тартып тұрғандай сезімдер) пайда болады.


Күйзелістен қалай арылуға болады?

Күйзеліс кезінде құрамында жасыл шәй сығындысы, кофеин, рутин, эсцин, қызыл жүзім сығындысы, ниацинамид бар өнімдерді пайдалануға болады.
Күйзеліс кезінде бет терісі мен мойын массажын, лимфодренажды массаж, гидротерапия, жалпы дене массажын жасаған пайдалы.
Ал мәселенің түбіне қарайтын болсақ ең жақсысы күйзелістің себебімен күресу және өмірде позитивті көзқараста болу.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Күннен қорғайтын КРЕМДІ теріңізге қарай ДҰРЫС ТАҢДАУ КЕРЕК


ЖАСӨСПІРІМдер бет терісіне дұрыс КҮТІМ жасауы керек