​Күз мезгілінде шаш күтіміне арналған 4 ЛАЙФХАК

0
2 423

Күз мезгілінде шашқа ЕРЕКШЕ күтім қажет


​Күз мезгілінде шаш күтіміне арналған 4 ЛАЙФХАК

фото: lawyers-age.ru

Күз мезгілінде біздің теріміз секілді шашымыз да сынақтан өтеді. Осы кезеңде шашымызға да дұрыс күтім жасай білуіміз керек. Ол ешқандай құпия емес, тек қана жылдың ыстық мезгілдеріне қарағанда аздап өзгешелігі бар.

Күз келіп, күн салқынджай бастағанда шашты қалай жылтыр және жібектей жұмсақ етуге болады? Одан кейін де ең суық мезгіл, қатал қыс келе жатыр. Осы мезгілге қалай дайындалуымызға болады?


Ол үшін МЫНА 4 қарапайым сұлулық кеңесі сізге көмектеседі.

Күзде ауа-райының әсерінен шашымыз көбірек түсіп, сынып, электрлене бастайды. Сондықтан жел мен төмен температураның қиын маусымында олар барынша мұқият күтімді қажет етеді.

Қатаң сынақтарға қарамастан шашыңызды мінсіз күйде ұстауға көмектесетін осы 4 ЛАЙФХАКты есте сақтаңыз.


1) Жуу ерекшеліктері

Күзде ауа райының ерекшеліктеріне байланысты біздің теріміз ғана емес, шашымыз да құрғақ болады. Сондықтан, шашты одан әрі құрғатып алмауға тырысыңыз. Егер сіз жазда майлы шашқа арналған сусабындарды қолдансаңыз, ендіқалыпты шашқа арналған өнімдерге ауысыңыз. Ал егер шашыңыз қысы-жазы құрғақ болатын болса, қарқынды ылғалдандыру және нәрлендіру үшін күтім көрсетіңіз.


2) Бальзам мен маска міндетті

Күз мезгілінде шашыңызға шашқа арналған бальзам мен масканы қолдану міндетті болуы керек. Өйткені, күзде олар біздің шашымызға қосымша қорғаныс ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, әсіресе күз мезгіліндешашыңызды ыстық сумен жууға болмайды,жылы ағынды су болғаны жөн.


фото: www.alibaba.com

3) Сәндеу үшін «ыстық құралдарды» қолданбаңыз

Әрине, шашын сәндеп, бұйралап жүргісі келетін нәзік жандылар көп. Оларға бұлай айту өмірінің бір бөлшегіне нұқсан келтіргендей түйілуі мүмкін. Дегенмен, шашты сәндеудің басқаша жолдары да бар. Егер шашыңызды бұйралағыңыз келсе, ыстық үтіктің немесе бұйралағыштың (флойка) орнын алмастырушы бигудилер бар. Тым асығыс болсаңыз, шашыңызға ең күшті термоқорғаныс арқылы ыстық құралдарды қолданыңыз.

Шашқа жоғары температурада әсер ету арқылы сіз оларды одан әрі жарақаттайтыныңызды ұмытпаңыз. Күзде шаш кептіргішсіз (фень) шашты кептіру өте ұзақ уақытты алады. Сондықтан шаш кептіргішсіз мүмкін болмаған жағдайда шаш кептіргішті қосқан соң, оның ең аз қуатына қойыңыз және кептіргіш құралды шаштан кемінде 15 сантиметр қашықтықта ұстаңыз.

Күз мезгілінде шашыңызды жуа салып, далаға шығып кету денсаулығыңызға қауіпті. Сондықтан,үйден шыққанға дейін кем дегенде бір сағат бұрын жуу керек.

Шашыңызды шаш кептіргішпен кептіріп алғаннан кейін де үйден бірден шығып кетуге болмайды. Өйткені, температураның күрт өзгеруінен стресс болуы мүмкін. Мұндай жағдайды болдырмас үшін кептіргеннен кейін шашыңыздытолығымен «салқындату» керек.


4) Массаж жасаңыз

Күзде бас терісімассажды көбірек қажет етеді. Өйткені, мұның бәрі төмен температура мен бас киімді үнемі киіп жүргеннен соң бастағы қан айналым жүйесінің жұмысы да баяулайды. Сондықтан, бас терісіне массаж жасау арқылы көмек көрсете аламыз.

Егер бас терісінде қан айналымы жақсы болса, шаштың да саулығына әсер етеді.Сондықтан, суық мезгілде щеткамен немесе қолмен массаж жасау сіздің сұлулық тәртібіңіздің ажырамас бөлігі болуы керек.

Суық мезгілде бас киімсіз жүрмеңіз, денсаулығыңызға зиян келерін өзіңіз де білесіз, бас киімсіз жүру шашыңызға да айтарлықтай зиянын тигізеді.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕРІңіздің ҚҰРҒАЙ БАСТАҒАНЫН мына 5 БЕЛГІ арқылы біліңіз


СӘНдік бұйымдардағы «ЖӘНДІКТЕР» нені білдіреді?