МЫНА 7 ҚАТЕЛІКті жасамаңыз!

0
2 421

​Өйткені, теріңізді одан сайын бүлдіріп алуыңыз мүмкін.


МЫНА 7 ҚАТЕЛІКті жасамаңыз!

фото: klike.net

Бет күтімі кезінде барынша әдемілікке ұмтыламыз. Дегенмен кейбір кезде қателіктер жіберіп алуымыз да орын алып тұратын жағдай. Оны өзіңіз де байқамауыңыз әбден мүмкін. Сондықтан, ол қандай қателіктер екенін біле жүргеніңіз абзал.

Әсіресе, мынадай 7 түрлі қателіктерді жіберіп алудан барынша сақ болыңыз:

1. Бірінші және ең жиі кездесетін қателік КҮТІМнен мүлде БАС ТАРТУ. Яғни, оған түрлі себептер ойлап табуыңыз мүмкін. Көпшілігіңіз тұрмыстық тапшылық немесе уақыттың жетіспеушілігін алға тартып, күтім жасай алмайтындығыңызды ақтап алуға тырысарсыздар. Ал келесі біріңіз«Менің бетім жақсы. Майлы да, құрғақ та емес. Әжім де жоқ, ешқандай дақ түспеген, бір тегіс. Сондықтан менің бетім күтімді қажет етпейді» деп өзіңізге аса сенімді боларсыздар. Сіз солай ойлағаныңызбен, ол қате түсінік. Базалық күтім барлық адамға керек. Тіпті, теріңіз дәл қазір жұмсақ әрі проблемасы жоқ болса да, уақыт өте келе күтімнің жоқтығы теріге әсер етпей қоймайды.

2. Тағы бір жиі кездесетін қателік- бетті ыстық сумен жуу. Ыстық су ыдыстағы майды кетірсе де, беттегі майды кетірмейді. Керісінше тері тесіктерін кеңейтіп, бет майының (себум) одан сайын көбейуін тудырады.

Суық сумен де жумаңыз. Ең дұрысы- үй жағдайындағы, қалыпты температурадағы су дұрыс. Одан кейін көз астындағы ісіктерді жояды деп мұз қолдануды да орынды-орынсыз жиі қолдануға болмайды. Себебі ол қан тамырды зақымдауы мүмкін. Яғни, бетіңізде купероз пайда болуына жол ашасыз.


3. Біреу мақтаған өнімді қолдану. Яғни, қазір инстаграмм немесе телеграмм желісінде болсын, танымал адамдар немесе блогерлерге қарап таңдау. Бір блогер креммен бөліссе, тура соны қайталап, сол затты сатып алмаңыз. Әуелі, теріңізге жеке консультация алып, тері типі мен жағдайына қарай күтімді бастаңыз. Өйткені, әр адамның терісі әр түрлі.


фото: viva-krasota.ru


4. Мицеллярлы сумен бет терісін сүртпеңіз

Ол арнайы көзге арналған косметикалық өнім болғандықтан, мицеллярлы сумен тек қана көздің бояуын кетірген жөн. Бет терісін сүртпеңіз. Себебі ол бояуды таза кетірмейді, кетірген күннің өзінде артынша умывалкамен теріні жуу керек.


5. Скрабтармен тазартуды абайлап қолданыңыз. Негізі бет терісін тазарту үшін скрабтарды жиі қолдану да жақсы әдет емес. Бет терісін тазартуға арналған скрабтарды жиі қолдану теріге кері әсер етіп, оны зақымдап алуыңызға жол ашады. Себебі бет терісі өте жұқа. Ішінде құм сияқты қиыршықтары бар скраб теріні жырып, одан сайын қабынуға алып келеді.


6. Бетті орамалмен сүртпегеніңіз жөн. Ылғалды жерде тұрған бет орамалға бактерия түседі. Ал ол бактерия сіздің теріңізге түскенін қаламасаңыз, бір реттік қағаз майлықпен (салфетка) қолданғаныңыз жөн.


7. Құрамында спирт бар өніммен майлы бет терісін «кептіруге» болмайды. Теріңіз қаншалықты майлы болса да, спирт терінің жағдайын одан сайын ушықтырады. Спирт- терінің қорғаныш қабаты мен су-липидті қабатын бұзады, нәтижесінде дерматит, аллергиялық реакциялар пайда болуы әбден мүмкін.

Сіз елемей жүрген осындай ұсақ қателіктер өміріңізде орын алуы мүмкін. Бірақ елеусіз қалдыруға болмайды мұны. Бір-екі рет осы қателіктерді жасаған болсаңыз, ештеңе етпес, келесі жолы мұны қайталамаңыз! Себебі, жиі қайталану міндетті түрде бір нәтижеге жеткізеді. Егер сіз қате күтім жасасаңыз әрине ол кері нәтижеге жеткізеді.

Сондықтан, сұлу боламын десеңіз, өз өзіңізге күтім жасауда барынша мұқият болыңыз!

Г.ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бетіңіз САЛБЫРАП, терең әжім көбейді ме? Ең оңай МАСКАмен бұлардан арылыңыз


КҮЙГЕН ШАШты үй жағдайында қалай күту керек?