Терідегі өзгерістерге де мән беріп, құрғаса нәрлендіруге, дақ түссе оны жоюға ерте бастан кірісу керек.
фото: Pinterest
Жаз мезгіліндегі бет терісінің мәселелері көптеген адамдарға таныс жағдай шығар. Жылы мезгілде бет терісінің де әдемі болып, құлпырып жүргенні кім қаламайды дейсіз? Бірақ соған орай күтімді де дер кезінде жасап жүру қажет.
Терідегі өзгерістерге де мән беріп, құрғаса нәрлендіруге, дақ түссе оны жоюға ерте бастан кірісу керек.
Қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Әр жыл мезгілі ауысқан сайын адам ағзасы да соған қарай бейімделе бастайды. Жаз жақындап қалды дегеннен әсіресе әйелдер терісіндегі өзгерістерді жылдам байқайды. Оның себебі, ер адамдарға қарағанда әйелдің терісі нәзіктеу, жұмсақтау болғандығынан шығар.
* бет терісі «тырысып», түлей бастайды;
* құрғақтық байқалады;
* жарылады;
* жылтырлық жоғалып, тері өңсіздене бастайды;
* бетке сепкіл, қара дақ түсе бастайды (бұл ультракүлгін сәулелерінің әсері);
Неліктен?
Көпшілік әйелдер бұның қандай себептен туындап жатқанын жақсы біледі. Біріншіден, суық мезгілде ағза қорғаныс функциясын іске қосады да, құнарлы тамақты талап ете бастайды. Бұл мезгілде жеңіл-желпі көкөністерді тұтыну азаяды. Нәтижесінде осы фактор авитаминазға шалдықтыруы мүмкін.
Екіншіден, күннің нұры жеткіліксіз болғандықтан, адамда Д дәруменінің тапшылығы байқалады. ал бұл дәрумен өз кезегінде тек қана тері үшін емес, бүкіл организм үшін қажетті зат болып табылады. Д дәрумені терінің жастығы мен сұлулығын ұлғайтуға үлес қосады. Одан бөлек, түрлі минералдар мен дәрумендердің қоры жинақталады.
Терідегі проблемалардың тағы бір себебі- суық ауа райында үй, кеңсе, тағы да басқа ғимараттардағы ауаның құрғақтығы. Құрғақ ауа терінің саулығына кері әсер етеді. Ал суық ауа райында сыртта жүру бүкіл ағзаның қорғаныс реакциясын іске қосып, қордағы теріге қажетті ресурстардың барлығын тауысады. Қайтадан күн жылыған кезде ультракүлгін сәулесі, терідегі судың теңгерімі секілді факторлар бар.
фото: en.estet-portal.com
Қалай күтіну қажет?
Бет терісіне күтім жасау жыл он екі ай бойы жүргізілуі қажет процесс. Тек айырмашылығы жаз мезгілдерінде күтім жасауға арналған өнімдердің жұмсартқыш әсері барын қолдану керек.Алдымен бетті тазартушы құралды дұрыс таңдаңыз. Терісі қалың, тығыз болса гидрофил майын алған дұрыс. Егер теріңіз жұқа болса бұл май ауырлық етеді. Оның орнына сүтше (молочко) қолданыңыз.
Екінші қадам: бетті жууға арналған өнім (умывашка). Теріні тыныштандыратын, нәрлендіретін құрамы барын алыңыз.
Үшінші қадам: тоник. Бұны да теріні тыныштандыратын, нәрлендіретін, ылғалдандыратын құраммен алыңыз. Мақта дискісімен бетті жақсылап сүртіп, терінің терең құрамындағы қалып қойған кірді тазалаймыз.
Төртінші қадам: тонер. Тонер теріні ылғалдандырып, нәрлендіреді.
Бесіншіден: сарысу (сыворотка) және крем немесе май.
Аптасына бір рет жатар орынға жұмсақ әсер ететін пилинг жасауды ұмытпаңыз. Пилингтен соң бет терісіне арналған май немесе крем жағып қойыңыз. Майды аптасына бір рет қолдансаңыз жеткілікті.
Бұл қадамдардың барлығы базалық, бірақ теріге өте қажетті күтім болып саналады.
Қорғау
Күн сайын косметикалық өнімдерді қолданған соң, теріңізді қорғауды да ұмытпағаныңыз жөн. SPF кремін жылдың төрт мезгілінде де қолданыңыз.
Дайындаған: Гүльвира Жорабекқызы,
Тағы да оқыңыз: