Өйткені, зәйтүн майының пайдасы ұшан-теңіз.
фото: ozon.ru
Зәйтүн майын тек қана сұлулық үшін, денсаулық үшін ғана емес, әртүрлі салаларда қолданып жүреміз. Егер денеміздің кез-келген бөлігіне зәйтүн майын жағып, массаж жасайтын болсақ, қай жағынан алғанда да оң нәтиже береді.
Целлюлиттің «жауы»
Зәйтүн майын целлюлиттен зардап шегіп жүрген қыз-келіншектер қолданса, яғни, дененің проблемалы аймақтарына зәйтүн майымен массаж жасайтын болса, целлюлиттен арылуға болады. Сонымен қатар, ол жас ұлғаюына байланысты, терінің серпімділігін жоғалтуына, әжімнің түсуіне де тосқауыл бола алады.
фото: sportbar-obk.ru
КҮЙЗЕЛІСтен арылтады
Аптап ыстықта кез келген адамның жүйкесі ширығып, салдарынан азды-көпті күйзеліске ұшырау қаупі де бар. Егер өзіңізді жайсыз сезініп жүрсеңіз, зәйтүн майын қолданып көріңіз.
Зәйтүн майы теріні ылғалдандырып қана қоймай, күйзеліспен де күресуге ықпал етеді. Майдың құрамындағы А және Е дәрумендері әжімдермен тиімді күреседі. Зәйтүн майымен массаж жасау арқылы біз беттегі қара дақтардан арылтып, терідегі өлі жасушаларды жояды.
Мұны балмен және глицеринмен араластырсаңыз, өлі тері жасушаларынан азат болудың ең тиімді тәсілі.
ЙОГУРТ та нәрлендіруші қасиетке ие
1 ас қасық йогурт, 1 ас қасық бал, жарты банан мен апельсин шырынын бір ыдысқа салып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны тазартылған бет терісіне жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Бұл маска терідегі кеңейген тесіктерді тарылтады, салбыраған теріні қатайтады, теріні біркелкі тегіс етеді.
БАНАН маскасы ылғалдың аздығын қалыпқа келтіреді
Теріде ылғалдың жетіспеушілігінен әжім пайда болатынын ескерсек, банан бізге сол олқылықтардың орнын толықтырып береді. Бет терісінің серпімділігін арттырып, әжімді тегістейді.
Арада жиырма минут өткеннен соң, масканы жылы сумен жуып тастаңыз.
Кез келген маскаға 1-2 тамшы зәйтүн майын қоссаңыз, нәтижесі арта түседі.
Бетіңіз жарқырап, жас көрініп жүруіңіз үшін ұдайы зәйтүн майын пайдаланып жүріңіз.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:
Жарылған ӨКШЕНІ ҚЫРУҒА БОЛМАЙДЫ
Бетіңізді ағарту үшін МЫНА 6 әдісті орындаңыз