Қазақ бұрын "Ұялмаған әнші болады" десе, қазір "ұялмаған тойда ойын ойнайды" дейтін заман болды. Олай айтуымызға себепте жоқ емес. Соңғы кезде тойда үлкен отыр, бүлдіршін жүр демей ойына келген ойын ойнап, аузына келген сөзді айтып жүрген жандар көп.

Осы тұста біз ютуб желісіндегі әдептен ада бейнежазбаларды ұсынғымыз келді. Сырт көзбен қарап көріңіз, ертең осы ойынды сіз де ойнамасыңызға кім кепіл?! Әрине, таразылау әркімнің еркіндегі шаруа.
Бұл видеода қыз баласы екі аяғын ашып, көзі жұмулы күйде жолақты өтеді. Ал ол өтіп болған соң ол орынға жігіт жатады. Бір қуанғанымыз, жігіттің үстінен өткізбегені абырой болған.
Екінші жазбадан асаба жігіттің қыз және жігіт жолдаспен ойын ойнатқаны бейнеленген. Қалай ойнағанын төменнен көріңіз. Нәтижесі қыз жолдастың үстіне құлаған асабаның "махаббат жырына" көпшіліктің қожеметі болады.