Үйленбей жүрген жігіттерге арналған рецепт (видео)

0
4 202

​Өткен жолы жігіттерден ақша сұрап бетеашарға келген халықты күлкіге қарық қылған асаба, бұл жолы бойдақтарға үйленудің тәсілін айтып желі оқырмандарының көңілін көтерді.


Үйленбей жүрген жігіттерге арналған рецепт (видео)

Өткен жолы жігіттерден ақша сұрап беташарға келген халықты күлкіге қарық қылған асаба, бұл жолы бойдақтарға үйленудің тәсілін айтып желі оқырмандарының көңілін көтерді.

Беташарда келіннің оқтауын ұстап тұрған жігіттің бойдақ екенін білген асаба, оқтауға байланған орамалды табыстап тұрып, "Бұл жігіт те еріккеннен тұрған жоқ күннің астында. Үйленгісі келіп тұрған шығар? Қазақ ырымшыл халық, үйленуге әрекет жаса... " деп тапсырма берді.

Сонымен қатар, орамалдың басына түйілген тиынды "Жаратып жіберме,үйіңе апарып сақта, саған бақ тиын" деген асаба әрі қарай үйленудің "рецебін де" айтып береді. Айтуынша, орта кесеге су құйып, оған тиындарды салып, күн сайын таңертең екі шәй қасық аш қарынға ішу керек екен. Бұны естіген қонақтар қыран-топан күлкіге қалды. Әзілкеш асаба қалжың сөзімен түйреп, "Елдің мазағын, қатынның азабын көрме" деген ақжарма тілегін де ұмытпапты.

Видео әлеуметтік желіден алынды

Фото: Ашық дереккөздерден алынды

ERNUR.KZ