Арыс қаласында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

0
1 503

Мұндай игі бастамалар алдағы кездері де өз жалғасын табатын болады.


Арыс қаласында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Арыс қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Арыс аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің бастамасы мен Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл кешке мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қала аумағындағы денсаулық сақтау мекемесінің мамандары атсалысты.

Кезекті басқосу барысында, Арыс аудандық орталық ауруханасының жұкпалы аурулар дәрігері Г.Ақылбекова «Сақтандыру. Қорғау. Екпе егу» ұлттық бағдарламасы аясында, маммолог дәрігері С.Әшімов «Алдын алу-емделуден оңай» тақырыбында және денсаулық нығайту маманы А.Оразбаева «Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орай, он күндік» тұрғысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында өтіп отыр.

Елбасы жолдауында «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп баса атап көрсеткен болатын.

Мұндай игі бастамалар алдағы кездері де өз жалғасын табатын болады.