​Арыста жаңа мектеп пайдалануға берілді

0
2 150

Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.


​Арыста жаңа мектеп пайдалануға берілді

Арыс қаласына қарасты Дермене ауылдық округі Саналы елді мекенінен 150 орындық Қаражантақ жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, «Нұр
Отан» Партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы И.Қалиев, қалалық білім
бөлімінің басшысы Ә.Мұсаев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері,
ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ
өкілдері қатысты.
Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті,
физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке
баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.
Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік
бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.