Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

0
1 262

Бұл туралы Арыс қаласында өтіп жатқан брифингте айтылды.


Арыстағы жарылыстан бір адам қаза тапты

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыстан бір адам мерт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласында өтіп жатқан брифингте айтты.

«Қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккен 31 адам медициналық мекемелерге келіп түсті. Оның ішінде екеуінің жағдайы ауыр, қалғаны орташа және жеңіл деңгейде. Бір адам қаза тапты. Оның автокөлігіне тіке снаряд келіп түскен», - деді әкім.