Арыстың өртін сөндірген батырлардың демалған сәтінен фото жарияланды

0
1 383

Әскери бөлім аумағынан өзге қаладағы барлық өрт сөндірілді.


Арыстың өртін сөндірген батырлардың демалған сәтінен фото жарияланды

ERNUR.KZ. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында төтенше жағдай орын алғанда күні бойы дамыл таппай, адамдарды құтқарумен айналысқан өрт сөндірушілердің демалған сәтінен фото жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

«Өрт сөндірушілер алдында басымды иемін, өз өмірлерін тәуекелге тігіп олар күні бойы Арыста өрт сөндірді, қирандыларды аршып, тұрғындарды эвакуациялады. Түнде оларға қауіпсіз жерден қоналғы орын ұйымдастырылды, олар штабта, спорт зал еденінде көз шырымын алды. Таңға қарай әскери бөлім аумағынан өзге қаладағы барлық өрт толық сөндірілді. Нағыз батырлар. Төтенше жағдайды жоюға 400-ге жуық сарбаз жұмылдырылды»,– деп жазды ол.