Дін саласының өкілдері Түркістан қаласының жастарымен кездесті

0
198

Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті.


Дін саласының өкілдері Түркістан қаласының жастарымен кездесті

Түркістан қаласының жастары дін саласының өкілдерімен жүздесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«BASTAU Talks» қоғамдық лекциясы аясында Астана қаласы, ҚМДБ-ның «Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Мұзапбарұлы Түркістан қаласының жастарымен кездесті. Аталған қоғамдық шара Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і тарапынан ұйымдастырылған.


Кездесу мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.


Жиынға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы модераторлық етті.


Кездесу барысында спикерлер бірқатар келелі мәселелерді қозғап, жастардың қызығушылығын тудыратын өзекті тақырыптарда әңгіме өрбітті. Кездесуден кейін қатысушылармен сұрақ-жауап алмасып, жастар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, спикерлерден нақты жауаптар алды.


«BASTAU Talks» қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып дамытуға, тың ақпарат алуға, мотивация беруге бағытталған. Жастар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор. Себебі олар қоғамның болашағын қалыптастыратын жаңа буын.