«Қазақша тіл таңдамаймыз»: Сбербанк халықтан кешірім сұрады

0
607

Сбербанктың ескертпесі жұрттың ашуын туғызды.


«Қазақша тіл таңдамаймыз»: Сбербанк халықтан кешірім сұрады

Сбербанктың Түркістандағы банкоматына жапсырылған ескертпе жұрттың ашуын туғызды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сбербанктың банкоматтарының біріне жапсырылған «Қазақша тіл таңдамаймыз, банкомат істемей қалады» деген ескертпе әлеуметтік желіге кеңінен тарап, қолданушылардың ашуын туғызды. Желі қолданушыларының айтуынша, бұл банкомат банктің Түркістан қаласындағы филиалында орналасқан екен.


Аталған ақпаратқа байланысты банк өкілі Әкім Тұрсын есімді желі қолданушысының жазбасына жауап беріп, бұл ескертуді банк қызметкері ешкіммен келіспей жапсырғанын айтып отыр.

«Мәселенің анық-қанығын тексеру барысында банкоматтағы хабарлама қағазды банк қызметкері ешкіммен келіспей, өзі жапсырғаны анықталды. Аталған қызметкермен, сондай-ақ, басқа да қызметкерлермен жиын өткізіліп, болашақта басшылықпен келіспей мұндай әрекетке жол бермеулері туралы түсіндірілді және қатаң тапсырылды. Мұқияттылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Аталған келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз», – делінген банк хабарламасында.