Түркістан облысында бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы іскерлік ынтымақтастық нығайып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы іскерлік ынтымақтастықты нығайту аясында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылауға арналған маңызды G2B кездесу өтті. Түркістан облысы делегациясы атынан облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров келіссөз жүргізді.
Келіссөздер кезінде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету және Түркістан облысында бірқатар жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар кездесу аясында Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығында Түркістан облысының Сауда өкілдігінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Екі тараптың өкілдері табысты ынтымақтастық экономикалық байланыстарды айтарлықтай жақсартып, дамуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.