"Құқықбұзышылыққа жол бермеу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

0
3 441

Дөңгелек үстелдің мақсаты - құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.


фото: www.facebook.com

Түркістан облысы Арыс қалалық білім бөліміне қарасты С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен "Бала. Құқықбұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.

Оқушылар "Бала. Құқықбұзушылық және жауапкершілік" тақырыбына ден қойып тыңдап, ойларында жүрген сұрақтарын қойды.

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұлы ғұлама Әл-Фараби сөзімен балаларға жауапкершілікті сезінуді, өз Отанын сүюді үйрету арқылы құқықбұзушылыққа бармауды түсіндіруге болады.

«Білім бере отырып елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу үшін осындай іс-шаралар, тәлімі мол кездесулер мен басқосулар жиі өткізіліп тұрады», - дейді ұйымдастырушылар.