Мақтааралда 37 мың тонна жоңышқа дайындалды

0
967

Бүгінгі таңда жоңышқаның 3-орымына орақ түсті.


Мақтааралда 37 мың тонна жоңышқа дайындалды

Мақтаарал ауданында жайылым жер жоқтың қасы. Сондықтан, аудан шаруалары мал азықтық дақылдарын өсіруге де бет бұруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл шаруаларымыз 3226 гектар жерге жоңышқа, 2259 гектар жерге дәндік жүгері, 105 гектар жерге сүрлемдік жүгері еккен.
Бүгінгі таңда жоңышқаның 3-орымына орақ түсті. Жоңышқаның 1 дана нығыздалған түрі 650-750 теңге аралығында сатылуда.
Жалпы ауданда 37 мың тонна жоңышқа дайындалған. Сонымен қатар, көршілес аудандардан 25391 тонна дала шөбі дайындалып, жалпы есебі 62 мың тоннадан астам мал азығы қамбаға жиналған.