Мақтааралдағы мектептерге байланысты жағдай бақылауға алынды

0
1 403

Аталған мектептерге тағайындалған директорларды орналастыру барысында бірқатар қарсылықтар орын алды.


Мақтааралдағы мектептерге байланысты жағдай бақылауға алынды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы екі мектепке конкурстық негізде директорларды тағайындау барысындағы жағдай тұрақталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданының білім бөлімі Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі, Абат елді мекенінде орналасқан №15 Ж.Нұрлыбаев және Жамбыл ауылдық округі, Кеңесшіл елді мекенінде орналасқан К.Үкібаев атындағы жалпы орта мектептерінің директорының бос орнына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының талаптарына сәйкес конкурс жарияланып, бұйрықтың талаптарына сәйкес конкурс өткізілген.

Конкурсқа №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің бос тұрған директорлық қызметіне Касымбекова Капира Бакировна, Алламұратова Қырмызай Пердебайқызы, Жаманкараев Абдиразак Нурлыбекович, Ешанкулова Тамара Торегелдиевна және Сарманова Шолпан Талгатовна құжат тапсырған.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес өткізіліп, конкурстың нәтижесінде №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің директорлық қызметіне Сарманова Шолпан Талгатовна конкурстық комиссия ұсынысының негізінде білім бөлімінің басшысының бұйрығымен тағайындалған.

Ал, К.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебінің бос тұрған директорлық қызметіне жарияланған конкурсқа Сарманова Шолпан Талгатовна, Балгабеков Заман Раимкулович, Айнамкулов Талгат Сапарұлы және Кокишова Алма Шайдилдаевалар құжаттарын тапырып, өткізілген конкурстың нәтижесінде Балгабеков Заман Раимкуловичті конкурстық комиссия ұсынған. Осы ұсыныстың негізінде білім бөлімінің бұйрығымен тағайындалған.

Аталған мектептерге тағайындалған директорларды орналастыру барысында бірқатар қарсылықтар орын алды.

Орын алған жағдайлар бойынша тиісті құқық қорғау органы тарапынан және аудан әкімі аппараты, аудандық мәслихатының депутаттары мен жергілікті әкімшілік аумақтың өкілдері құрамында жұмысшы топ құрылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде қазіргі таңда К.Үкібаев атындағы жалпы орта мектебіне тағайындалған директоры Заман Раимкулович Балгабеков және №15 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебіне тағайындалған директоры Сарманова Шолпен Талгатовна жұмыс орындарына орналастырылып, өз жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде.

Бүгінгі таңда жағдай тұрақты, аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған.