Өз кезегінде қария жастарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Ордабасыда ауданының жастары «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында жалғызбасты қарттардың үйіне барып көмек беруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жастар жалғызілікті қарт ана Гүлзейнет Қыдырәліқызының үйіне арнайы барып, есік алдын шөптен тазартып, су келетін арығын толық тазалап берді. Одан бөлек жер аудару жұмыстарын да атқарды. Өз кезегінде қария жастарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Осындай игі шара аудандағы барлық елді мекенде жалғасын табады деп жоспарлануда.