Ордабасылық шаруалар ауылшаруашылық өнімін өндіруде көш бастап тұр

0
1 533

Ордабасы ауданында үш жақты келісім бойынша 56 553 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 102 пайызға орындалды.


Ордабасылық шаруалар ауылшаруашылық өнімін өндіруде көш бастап тұр

Ордабасы ауданы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2018 жылдың 9 айында ауыл шаруашылық саласында 25 млрд. 849 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндіріліп, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 15 млрд. 150 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 101,5 пайыз, егін шаруашылығының өнімі 10 млрд. 608 млн. 500 мың теңге, нақты көлем индексі 107,3 пайыз және балық шаруашылығы 90 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемі 208 мың 662 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 71 мың 273 гектар, жайылым 103 мың 992 гектар, көпжылдық қондырғылар 1 мың 490 гектар, тыңайған жер көлемі 18 мың 954 гектар.
Үш жақты келісім бойынша 56 553 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 102 пайызға орындалды. Сонымен қатар, биыл суармалы жердің көлемі 1 423,8 га-ға ұлғайтылды. Шаруалар тарапынан 63 дана техника жаңартылды. 9 айда жоспарлаған 18 гектар жылыжайдың 14,39 гектары іске қосылды.
Тамшылатып суғару әдісін енгізу 700 гектарға жоспарланып, қазіргі таңға 721,02 гектарға енгізілді, жоспар 103 пайызға орындалды. 9817 гектар терең қопсыту бойынша өңделіп, жоспар 103,3 пайызды құрады. Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен қазіргі таңға 1 069 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 2 635 бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 372 бас асыл тұқымды жылқы алынды.
Ауданда мал мен құс еті 2018 жылдың тоғыз айында 17 мың 364 тонна өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 102,2 пайызды, сүт 35 мың 137 тонна өндіріліп 102,1 пайызды, жұмыртқа 7 мың 877 мың дана өндіріліп 100,1 пайызды құрады.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттары бойынша ірі қара мал саны 65 470 немесе 13,2 пайызға, оның ішінде сиыр 36 341 бас немесе 28 пайызға, қой саны 361 383 немесе 12,6 пайызға, ешкі саны 15 022 немесе 11,8 пайызға, жылқы саны 22 423 немесе 5,3 пайызға түйе саны 648 немесе 2,4 пайызға және құстар саны 486 632 немесе 11,9 пайызға артқан.