Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты патрульдік полк экипажының қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық тексеру барысында Шымкент көшелерінің бірінде заңсыз қару алып жүрген азамат қолға түсті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, құқық қорғау органының қызметкерлері Шымкент қаласындағы аялдамалардың жанынан өтіп бара жатқан «Лада Гранта» маркалы автокөліктің жүргізушісінің қауіпсіздік белгісін тақпағанын көріп тоқтатады. Сол кезде тәртіп сақшылары автокөліктің ішінде қол тежегіштің қасында тұрған шолақ мылтықты көріп, оқиға орнына жедел тергеу тобын шақырады. 23 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында шолақ мылтық анықталып, тәркіленіп алынды. Сот баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде.