Шымкенттің қоғамдық көліктеріндегі жолақы бағасы биыл өзгермейді

1
2 065

ERNUR.KZ. Тұрғындар алдында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбев шаһардағы қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы биыл да өзгеріссіз қалатынын айтты. Қалаға жаңа автобустар жеткізіледі.

Әкімнің айтуынша қазіргі таңда су жаңа 70 автобустың кедендік құжаттары рәсімделуде. Қаланың шалғай аймақтарына баратын тағы 10 бағытқа қоғамдық көлік жүргізу жоспарланған.
Жолаушылар көлігінің жұмысына бақылау күшейтіледі. Өз міндетін талапқа сай орындамаған компаниямен келісім тоқтатылып, орнын сапалы қызмет көрсетушілер басатын болады.

7 ақпанда Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев тұрғындар алдында есеп берді.