​Түркияда инсульт алған ер адам туған тілін ұмытып қалған

0
206

Бұл оның жақындары мен медициналық қызметкерлерді таңғалдырды.


​Түркияда инсульт алған ер адам туған тілін ұмытып қалған

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. 67 жастағы Рахми Карадемир Түркияның Конья қаласында инсульт алған соң, көп жыл бойы қолданбаған дат тілінде сөйлей бастады, деп жазады inform.kz.

Бұл оның жақындары мен медициналық қызметкерлерді таңғалдырды.

Жеті баланың әкесі Карадемир Данияда 20 жыл тұрып, 10 жыл бұрын Түркияға оралып, Коньяға қоныстанған.
Өткен аптада ол Сельчук университетінің медицина факультетінің ортопедия бөлімінде тізесіне ота жасатқан.
Отадан екі күн өткен соң оның оң қолы мен аяғы әлсіреп, сөйлеу қабілеті бұзылған.
Жедел диагностикадан кейін миының сол жағындағы ірі артерияның тромбпен бітелгені анықталды.
Дәрігерлер жедел ангиография жасап, тромбты алып тастады.
Процедурадан кейін негізгі неврологиялық белгілер тез жойыла бастады. Бірақ Карадемирдің көп жыл бойы қолданбаған дат тілінде сөйлеуі, әсіресе әйелі мен туыстары үшін күтпеген жағдай болды.
Түрік тілінде сөйлей алмаған Карадемир күйзеліске түсті, ал бұрын ұмыт болған тілдің қайта еске түсуі мамандардың назарын аударды.
Сельчук университеті клиникасының неврология кафедрасының меңгерушісі, тромбэктомия жасаған профессор Гекхан Оздемир бұл сирек кездесетін құбылыс екенін атап өтті.
— Біз пациенттің түрік тілінде сөйлей алмайтынын, бірақ ұмытты деп есептелген дат тілінде еркін сөйлейтінін байқадық. Медициналық әдебиетте бірнеше тіл білетін адамдарда инсульттан кейін бір тіл жоғалып, екіншісі күтпеген жерден белсенді болатын сирек жағдайлар сипатталған. Инсульттан кейін кем дегенде бір тілде сөйлеу қабілеті қалса, бұл кейінгі оңалту үшін маңызды артықшылық, — деп түсіндірді Оздемир.
Осыған дейін Түркияда медицина және косметология мақсатында сарышаян өсіруге рұқсат етілгені мәлім болды.