​ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: Түркістандықтар жаңа пәтерге ие болды

0
1 013

Халықты баспанамен қамту жұмыстары бұдан әрі де жалғаса беретінін айтқан әкім үйлердің құтты қонысқа айналуына тілектестігін білдірді.


​ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ: Түркістандықтар жаңа пәтерге ие болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Ордабасы ауданына сапарынан кейін Кентау қаласында жаңа пәтерлерге ие болған жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісуге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл күні ондағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдің кілті беріліп, бұл күні Кентауда жалпы саны 30 пәтер иелеріне табысталды.

Қызметтік үйлердің кілтін алып, қуанышқа бөленген жергілікті халықпен өзара әңгімеде Жансейіт Қансейітұлы мұндай баспаналардың осынау мейрам қарсаңында облыстағы көптеген азаматқа, нақтырақ айтсақ 300-ден астам тұрғынға табысталған жеткізді. Халықты баспанамен қамту жұмыстары бұдан әрі де жалғаса беретінін айтқан әкім үйлердің құтты қонысқа айналуына тілектестігін білдірді.

Жаңа баспанаға ие болған тұрғындар бояу иісі кетпеген үйлерге қуанышты қадаммен кіріп, берекелі жаңалықты бір-бірімен бөлісті. Тиісті иесін тапқан баспаналарда ақ тілек пен құттықтаулардың тиегі ағытылды.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі