Тоқаев Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

0
1 032

Ел президенті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажеттігін айтты.


Тоқаев Арыста болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында болған жарылысқа байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қорғаныс, Ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қ. әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», деп жазды мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.