ТҮРКІСТАН: 3 мыңға жуық пәтердің құрылысы аяқталуға жақын

0
724

Облыс орталығында құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ.


ТҮРКІСТАН: 3 мыңға жуық пәтердің құрылысы аяқталуға жақын

Түркістанда баспанаға сұраныс артты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантин режиміне қарамастан облыс орталығында құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев ең алдымен тұрғын үйлердің сапасына мән берді. Құрылысты дер кезінде аяқтауды міндеттеді.

Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы 3 мыңға жуық пәтерлі 7 қабатты 24 тұрғын үйдің 22-ің құрылысын аяқтауы қараша айына жоспарланған. Бұған қоса, 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Бұл үйлерді пайдалануға беру 2021 жылға жоспарланған. Түркістандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық тұрғын үйлердің қатары артпақ.

Құрылысы қарқын алған әлемде теңдесі жоқ «Керуен Сарай» туристік кешенінде Шығыс базары, этникалық үлгідегі мейрамханалар мен қонақ үйлер салынуда. Көпсалалы сарайда көне шығыс театры, ұлттық дәмханалар, жасанды көлдер, саябақтар салу жоспарда. Шеберлер көшесінде кәдесыйлар сататын шеберханалар сап түзейді.

Түркістан қаласының орталығындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары биыл ел игілігіне берілетін болады. Бұдан өзге, облыс орталығындағы рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.