ТҮРКІСТАН: Ауыл жастары 50 отбасыға көмек көрсетті

0
923

"САПА" клиникасына 22 дана «Бобров» медициналық тыныс алу құрылғылары сатылып әкелінген.


ТҮРКІСТАН: Ауыл жастары 50 отбасыға көмек көрсетті

Сайрам ауданында ауыл-ауыл болып ұйымдасқан ерікті жастар, сақадай жігіттердің қолдауымен 3-4 күнде 2 млн теңге жиналған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлемді дүрліктірген коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, аурудың таралмауына мейлінше күш салып жүрген бүгінгі ерікті жастар батырлардан кем емес.

Қазіргі таңда Түркістан облысы Сайрам ауданында ауыл-ауыл болып ұйымдасқан ерікті жастар, сақадай жігіттердің қолдауымен 3-4 күнде 2 млн теңге жиналып, бірқатар қайырлы іске жұмсалды. Атап айтсақ, ірі қара мал алынып, құрбандық шалған сайрамдық ерікті жастар аз қамтылған, көпбалалы, асыраушысынан айрылған, мүмкіндігі шектеулі және аса мұқтаж 50 отбасыға азық-түлік және басқа да қажеттіліктерді қосып, көмек көрсетті.

Бұдан бөлек, аудандық орталық ауруханадағы медицина саласының өздеріндей жанкештілеріне науқастарды емдеу барысында сақтық үшін тұтынатын 1000 дана респиратор (арнайы медициналық маска), 50 метр кислород балонына арналған мыс шланга, 30 дана температура өлшейтін градусник жеткізіп берді. Алдағы уақытта орталық ауруханаға осы қаражаттың бір бөлігіне алынған жасанды тыныс алу аппараттары жеткізілмек.

Айта кетейік, Сайрам ауданында бұған дейін Бабыр бастаған ерікті жастар және мешіт имамдары жинаған 3,5 млн теңге қаржыға Қарабұлақ Ауылдық округіндегі "САПА" клиникасына 22 дана «Бобров» медициналық тыныс алу құрылғылары сатылып әкелінген болатын.