Бұл бастама Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында қолға алынып отыр.
үгін, 15 маусым күні Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты Мақтарал аудандық және Жетісай аудандық полиция бөлімдерінде "Халықтық кеңсе" ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл бастама Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында қолға алынып отыр. "Халықтық кеңсе" азаматтардың құқықтарын қорғап, талап тілегін тыңдап, тікелей полиция қызметкекрлері мен халық арасындағы байланысты жақындатуға сеп болмақ.
" ҚР Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі "2019-2021 жылдарға арналған жол картасын" іске асыруға байланысты арнайы азаматтарды қабылдауға бағытталған. Халықтық кеңсенің басты мақсаты тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, арыз шағымдарын қанағаттандырып, халықпен етене араласудың бірден-бір жолына айналары сөзсіз,"-дейді Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы, полиция генералы Қайрат Дәлбеков.