ТҮРКІСТАН: Емші мен ойынхана есепшісін бопсалаған жетісайлық тұрғындар құрықталды

0
1 445

Олар аталған азаматтардан ақша талап еткен.


ТҮРКІСТАН: Емші мен ойынхана есепшісін бопсалаған жетісайлық тұрғындар құрықталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы полицейлері дем салушы азамат пен ойынхана есепшісіне қоқан-лоққы жасаған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы Түркістан облыстық ПД-ның баспасөзі хабарлама жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, Мақтарал АПБ-не адамдарға мұсылманша дем салатын кісі арызданып, өзіне белгісіз азаматтар келгенін және дем салдырып болған соң, лицензияң жоқ деп қоқан-лоққы көрсеткенін жеткізген.


Нақтырақ айтсақ, 3 азамат емшіге келіп, біреуінің мазасы болмай жүргенін айтыпдем салдырады да, емнің ақысы үшін емшіге 10 000 теңге береді. Алайда дем салушы ол ақшаның 2000 теңгесін алып, қалған ақшасын қайтарып береді. Содан кейін, дәл осы сәтті жанындағы достары камераға түсіріп алып, күдіктілер видео арқылыдем салушы тұрғынды қорқытып, «Сенің емші деген лицензияң жоқ, заңсыз жұмыс істеп жүрсің, біз құқық қорғау органдарынан тексеріп жүрген адамдармыз. 100 000 теңге берсең, істі жабамыз», - деп қоқан-лоққы жасай бастайды. Бірақ, дем салушы азамат ешқандай да ақша бермей, күдіктілер кетісімен полицейлерге арызданады.


Сонымен қатар, Мақтарал АПБ-не жергілікті кәсіпкер үлкен көшелердің бірінде орналасқан ғимараттағы букмекерлік кеңсесіндегі есепшісінен біреулердің ақша талап етіп, қоқан-лоққы көрсеткенін айтып арызданған. Полицейлердің анықтауынша, ойынханаға баса-көктеп кірген белгісіз 3 азамат ар-намысқа тиетін сөздер айтып, негізсіз жала жапқан және «сендер заңсыз жұмыс жасап жатсыңдар» деп касса қызметкерінен200 000 теңге талап еткен. Алайда, ол жерден ешнәрсе ала алмаған соң, қашып кеткен.


Сондай-ақ, аталған арыздар бойынша аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді анықтау мақсатында тез арада іске кірісіп, 2 дерек те ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.


Нәтижесінде, полицейлер 3 күдікті Жетісай қаласының тұрғындары екенін анықтап, Жетісай мен Мақтарал аудандық полиция қызметкерлері күдіктілерді Жетісайдан ұстаған. Қазіргі уақытта күдіктілер Жетісай қаласында АПБ ҰУИ-на қамауға алынған және күдіктілердің 3 бірдей іске қатыстылығын анықталған. Сонымен қатарн, олардың бұдан басқа да қылмыстарды жасауы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.