ТҮРКІСТАН: Инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша жағдай тұрақты

0
576

Бұзушылық анықталған объектілерге жалпы 61 млн теңгеден аса айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша жағдай тұрақты

Түркістан облысында инфекциялық және паразиттік аурулар бойынша жағдай тұрақты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде алты айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжіліс болып өтті. Оған Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен қалалық, аудандық басқармаларының басшылары қатысты.


Мәжіліске Департамент басшысы Нұрбек Нышанов төрағалық етіп, күн тәртібінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер, жыл басынан бері атқарылған жұмыс қорытындылары мен алдағы міндеттер, басым бағыттар талқыланды. Бірінші болып инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалы сөз болды.


Департамент басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов өз баяндамасында бірқатар нозологиялыр бойынша аурушаңдық көрсеткіштерінің төмендегенін, сондай-ақ кей түрлері бойынша өсу тенденциясының байқалғандығын, оның себеп-салдарына тоқталды. Халықты иммундау шараларының іске асырылу барысын мәлімдеді.


Бұдан бөлек, құқықтық қамтамасыз ету мен орындаушылық тәртіптің өзекті мәселелері бойынша Департамент басшысының орынбасары Закридин Әлімқұлов, облыс бойынша білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау сұрақтары бойынша Департамент басшысының орынбасары Асқар Ысқақов баяндамалар жасады. Сонымен қатар, аумақтық басқармалар тарапынан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде қатысу бойынша тапсырмалар берілді.


Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері халықтың санитариялық-эпидемиялық саламаттылығы саласындағы талаптарға сәйкестігіне тексеру бойынша 213 объекті тексерілген. Бұзушылық анықталған объектілерге жалпы 61 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Ал, облыс бойынша соңғы алты айда COVID-19 6,6 есеге, бруцеллез 2 жағдайға, эхинококкоз 26,6 пайызға төмендесе, оба, дифтерия,полиомиелит, туляремия, тырысқақ, сіреспе, паратиф, сібір жарасы, құтыру сынды инфекциялық және паразиттік аурулары тіркелген жоқ.


Мәжіліс соңында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту жәнесыбайлас-жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің этикасы, нысандарға бармай бақылау мен СЭҚ беруге қатысты жұмыстардың тиісті деңгейде атқарылуы керектігітапсырылды.