ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын күніне 500-ге жуық шұлық дайындайды

0
149

Шұлықтың бір данасы 250 теңгеден сатылып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Келестік тұрғын күніне 500-ге жуық шұлық дайындайды

Келес ауданының тұрғыны үй ішінен цех ашып, күніне 500-ге жуық шұлық дайындайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылында тұратын кәсіпкер Гүлзахира Жолдасова үйінің бір бөлмесін шағын цехқа айналдырып, тәулігіне 450 жұп шұлық шығарып отыр. Өнімдерін “NurTextile” атымен ауылдың өз брендіне айналдырып үлгерген. Бұл кәсіпке жолдасы Өзбекстанға барып, арнайы оқып келгеннен кейін бет бұрған. Қазір шұлықтар аудан орталығындағы дүкендер мен базарларға жөнелтілуде. Шұлықтың бір данасы 250 теңгеден сатылып жатыр.


«Алғашқыда аздап қорқыныш болды. Бірақ тәуекел еттік. Қазір күн сайын тапсырыс қабылдаймыз. Жабдықтарды да өз қаражатымызға алдық. Шұлықтар сапалы әрі сұранысқа сай. Бұл шағын өндіріс – табыс көзі ғана емес, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы. Егер мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетілсе, өндірісті кеңейтіп, жұмысшылар санын арттыруға мүмкіндік туар еді»,- дейді кәсіпкер.

Бөлісу