ТҮРКІСТАН: Кентау индустриялық аймағында бірнеше жоба іске асты

0
595

Индустриялды аймақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Кентау индустриялық аймағында бірнеше жоба іске асты

Кентау индустриялық аймағында 3 жоба толығымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов Кентау қаласына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында қаладағы индустриялық аймақтың жұмыс барысын және «АБН Альянс» ЖШС, қаладағы арнайы экономикалық аймақты аралады. Қала әкімі Даурен Махажанов аймақтағы жүзеге асырылған және асырылудағы инвестициялық жобалар мен инфрақұрылым жүйелерінің мәселелерімен таныстырды.


Индустриалды аймақтың негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын ашу, өндіріс көлемін арттыру және экономиканы дамыту. Кентау қаласындағы индустриялды аймақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. 10,65 гектарына 9 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 4,3 гектар аумақта инженерлік инфрақұрылым орналасқан.


Бүгінгі таңда Индустриялық аймақта Индустриаландыру картасына енгізілген 3 жоба толық іске асырылған. Олар:

1. «ЮгЭлектроПривод» ЖШС, жоба – Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару, жер көлемі – 2 га, жоба құны – 828 млн. тг.,

2. «Электродеталь» ЖШС, жоба – «35-110-220кВ трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығаратын цех», жер көлемі – 1,6 га, жоба құны – 816 млн. тг.,

3. Жеке кәсіпкер Е.Ауэзов «Оттегі шығаруды ұйымдастыру» жобасы, жоба құны 45 млн. теңге. Жер көлемі 0,25 га. Жылдық қуаттылығы 25 мың дана оттегі баллонын толтыру көзделген. Цех құрылысы толығымен аяқталған. Жоба 2019 жылы толығымен іске қосылып, 10 адам жұмыспен қамтылған.