ТҮРКІСТАН: Ертеңнен бастап Кентауға жылу беріле бастайды

0
1 798

Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-ғы 1934 жылы салынған. 1952-1956 жылдары аралығында қайта жаңартудан өткен.


ТҮРКІСТАН: Ертеңнен бастап Кентауға жылу беріле бастайды

Ертеннен бастап Кентау қаласына жылу беріле бастайды. Бұл туралы Кентау қалалық №5 Жылу орталығының басшысы Сәбит Дауылбаев журналистермен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Кентау қаласы жылу беруге толықтай дайын. Бүгінде қазандықтарды жөндеу, магистралды және ішкі орамдық жүйелерді қысыммен шаю жұмыстары толығымен аяқталған. Қалаға қажетті көмір қоры да жеткілікті мөлшерде. Сұйық отын мерзімге сәйкес жеткізілуде. Жұмысшылар да қалыпты жағдайда еңбек етіп жатыр" - дейді жылу орталығының басшысы.
Жалпы Кентау қаласындағы №5 ЖЭО-ғы 1934 жылы салынған. 1952-1956 жылдары аралығында қайта жаңартудан өтіпті. Қазіргі таңда кәсіпорында 8 қазандық, 2 турбоагрегат бар. Ал жылу орталығынан 337 көп қабатты, 2240 - жеке үйлер, 104 – бюджеттік мекемелер және 401 – коммерциялық нысандар жылу алады.
"Кентау қаласына жылуды толықтай қазан айының 27-нен бастап бере бастаймыз" - дейді мекеме басшысы Сәбит Арапұлы.

Сондай-ақ жылу орталығының басшысы қоймада екі айлық көмір мен мазут қорының барын атап өтті.