Негізгі мақсат – халықпен тікелей, ашық қарым-қатынас орнату, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, шешілу жолын қарастыру, өтініш-тілегін тыңдау.
Облысымыздың бас полицейі «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» іс-шарасы барысында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еліміз бойынша жалпы республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні шарасы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында 21-қараша күні өткізіліп отырған іс-шарада еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың басшылары тұрғындармен тілдесті.
Негізгі мақсат – халықпен тікелей, ашық қарым-қатынас орнату, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, шешілу жолын қарастыру, өтініш-тілегін тыңдау. Осы орайда, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков азаматтарды қабылдап, жеке мәселелерін мұқият қарап, қабылдау өткізді. Таңнан бері басшының қабылдауына 15 азамат қатысып, генералға өздерінің аяқсыз қалған арыздарын, көкейіндегі сұрақтарын жеткізді.
Өз кезегінде,Қайрат Дәлбеков айтылған уәждердің оң шешілуіне ықпал ететінін, өтініш-тілектердің орындалатынын айтып, кейбір күрделі мәселелер бойынша жауапты полицейлерге сол сәтте мәселенің оң шешілуі үшін тапсырмалар берді. Сонымен қатар айта кететін жайт, қабылдауға келген тұрғындардың басым көпшілігі мал ұрлығы, қылмыстық істер жөнінде және басқа да сұрақтар бойынша сөз қозғады.
«Полиция мен халық арасындағы кері байланысты нығайту. Полиция жұмысын ашық ету, халыққа жақындастыруда осындай іс-шаралардың берері мол. Және мен халықпен тығыз байланыс орнатуды, халыққа жанашыр, қолдаушы болуды әрбір полицейден талап етемін. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз»-деп пікірін білдірді.