Инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Астана қаласына арнайы іссапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Астана қаласына арнайы іссапармен барды. Онда «Sovico Group» компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхан Хунг мырзамен және компания делегациясымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Түркістан облысының әкімдігі мен «Sovico Group» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Жүздесуде Түркістан қаласының халықаралық әуежайын дамыту перспективалары, жаңа авиакомпанияларды тарту, қосымша әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым нысандары мен көліктік-логистикалық хаб салу және облыста туризмді дамыту мәселелері талқыланды.